«Қызылорда облысында жастар арасындағы волонтерлік қызметті дамыту мәселелері»

«Қызылорда облысында жастар арасындағы волонтерлік қызметті дамыту мәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 26.08.2020, 10:00
  • 26.08.2020, 17:00

Файзуллаев Уалихан 26.08.2020, 11:53, Сұрақ нөмірі: 9566

  • 0

Саламатсыздар ма? Тұңғыш Президент - Елбасымыз «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деп бизнеспен айналысамын деушілерге жол ашу аса маңызды, жастардың стартаптарына қолдау бойынша міндет жүктеген болатын. Қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да Жастардың StartUp-тарын қолдаймыз деген болатын. Өңірде карантин жағдайында жастар стартаптарын қолдауға бағытталған жобалар бар ма?

Қызылорда облысы 26.August.2020, 13:13

Рахмет, Уалихан! Өте дұрыс. Жастар идеясы әрқашан маңызды. Қазіргі таңда жастар идеясы арқылы ел экономикасына да елеулі үлес қосылуда. Ел Үкіметі тарапынан жасалып жатқан қолдаулар жеткілікті. Былтыр Жастар жылы аясында аймақ жастарының ұсынысымен тұңғыш рет пилоттық негізде әлеуметтік тапсырыспен «Kyzylorda Business Hub» жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 7 бизнес жобаға бюджеттен тыс, кәсіпкерлерден 8 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Ерекшелігі жобаға қатысқан 466 жастың 354-і аудан және ауылдық округте тұратын жастар. «Kyzylorda Business Hub» жобасы жастардың сұрауымен биылғы жылы екінші мәрте жүзеге асуда. АталғанжобаныңStartUp Weekend аймақтық іріктеу кезеңіелімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты барлық ауданда Zoom, Youtube, Instagram желілері арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды. Аталмыш жобаға облысымыздың 484 жас тұрғыны (Арал ауданы - 67, Қазалы ауданы - 41, Қармақшы ауданы - 28, Жалағаш ауданы - 40, Сырдария ауданы - 53, Шиелі ауданы - 23, Жаңақорған ауданы - 59, Қызылорда қаласы - 104, Байқоңыр қаласы - 69) қызығушылық танытып, онлайн оқыту тренингке қатысты. Іріктеу кезеңінде 157 жоба ұсынылып, қорытындысымен 90 жоба жартылай финалға жолдама алды.