«Қызылорда облысында жастар арасындағы волонтерлік қызметті дамыту мәселелері»
«Қызылорда облысында жастар арасындағы волонтерлік қызметті дамыту мәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.08.2020, 10:00
- 26.08.2020, 17:00
Якияева Меруерт 26.08.2020, 13:13, Сұрақ нөмірі: 9567
Құрметті Гүлшара Наушақызы! Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев елімізде 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жариялаған болатын. Осы ретте, «Волонтер жылы» аясында жас волонтерларды қолдауға бағытталған қандай жобалар жүзеге асырылуда.
Қызылорда облысы 26.August.2020, 13:47
Қайырлы күн, Меруерт! Сұрағыңызға рахмет! Өзіңіз айтып өткендей, ҚР Президентімен 2020 жыл «Волонтер жылы» болып жарияланып, өңірде волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жас волонтерлардың басын біріктіру мақсатында облыстық «Жастар орталығы» жанынан «Волонтерлер фронт-офисі» құрылды. Бүгінгі күні фронт-офиске 710 волонтер тіркеліп, қоғам игілігі үшін қызмет етуде. Сонымен қатар, «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында 10 ерікті жасты республика көлемінде тәжірибе алмасуын ұйымдастыру және волонтер жылының қорытындысымен өңірде волонтерлік қызметті дамытуға үлес қосқан 5 жас арнайы номинациямен және қаржылай сыйлықпен марапатталатын болады. Сол секілді, студент волонтерларды қолдау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігімен «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы әзірленіп, «Qazvolunteer.kz» онлайн-платформасы іске қосылды. Министрлікпен ұсынылған квота бойыншаөңірдегі 3 жоғары оқу орындарының 178 студенті онлайн-платформаға тіркелсе, жұмыс беруші ретінде 25 әлеуметтік мекеме аккредиттелді. 2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес волонтерлер санын 430-ға, жұмыс беруші ұйым-алаңдар санын 300 жеткізу жоспарланған. Алайда, елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты бұл жұмыстар уақытша тоқтап тұр.