«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар мен мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»

Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар мен өткеру мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 26.08.2020, 15:00
  • 26.08.2020, 18:00

Закирьянова Нурия 26.08.2020, 15:05, Сұрақ нөмірі: 9568

  • 0

Менің арнайы тексеруім 5 айға дейін созылған болатын. Сол уақытты мемлекеттік қызметке есептеуге бола ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.August.2020, 15:43

Құрметті Нурия, Сіз егер де арнайы тексерудің оң нәтижесі бойынша мемлекеттік лауазымға қабылданған болсаңыз, онда мемлекеттік әкімшілік лауазым бойынша көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне енгізіледі. Яғни, Сіздің бес айыңыз мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.