«Қызылорда облысында жастар арасындағы волонтерлік қызметті дамыту мәселелері»
«Қызылорда облысында жастар арасындағы волонтерлік қызметті дамыту мәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.08.2020, 10:00
- 26.08.2020, 17:00
Жалғасбекұлы Шернияз 26.08.2020, 16:26, Сұрақ нөмірі: 9570
Қайрлы күн, құрметті Гүлшара Наушақызы!
Әлемдік індет толқыны қазақстандықтарды да әбігерге салғанын білеміз. Осы уақытта волонтерлер көмегімен көптеген жұмыс атқарылды деп естіп оқып жүрміз. Меценаттардың, елге белгілі адамдардың қайырымдылығы мен еріктілігі өз алдына, осы қысылтаяң уақытта жастар не атқарды?
Қызылорда облысы 26.August.2020, 16:41
Қайырлы күн, Шернияз! Сұрағыңызға рақмет! Дұрыс айтасыз, аймақта волонтерлар көмегімен көптеген игі іс атқарылды. Соның ішінде жастардың үлесі өте ерекше. Жастар «Әлеуметтік дәріхана» бастамасымен қала тұрғындарының қатысуымен қажетті дәрі-дәрмектермен 200-ден аса тұрғынға қолдау көрсетті. Оның ішінде 124 қарт адам, 86 мүмкіндігі шектеулі жандар жастар көмегіне жүгінді. Сонымен қатар, жас автоволонтерлар тізімі жасақталып, дәрі-дәрмектерді мұхтаждық танытқан тұрғындарға өзкөліктерімен көмек қолын созды. Қуантарлығы, індет уақытында өзгеге көмектесуді міндет деп білетін жастарымыздың белсенділігі өте жоғары болып, қатарға күн сайын толықты.Жастар көмегімен ауруханаларға оттегі баллондарын жеткізу жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Облыстық жұқпалы аурулар, теміржол, облыстық өкпе аурулар ауруханасына және «Қорқыт ата» атындағы ҚМУ-нің жатақханасынан ашылған провизорлық станциясына барлығы 50-ден аса оттегі баллондары жеткізілді. Бұдан бөлек, жастар бастамасымен психологиялық кеңес беру қызу желісі іске қосылды. Шынында, осындай сәтте психологиялық қолдаудың маңызы зор. Біріккен ұлттар ұйымының ұлттық тренерлері бастаған волонтер-психологтар 60-қа жуық тұрғынның сан сауалына жауап берді.