«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар мен мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»
Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар мен өткеру мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.08.2020, 15:00
- 26.08.2020, 18:00
Маужанов Алмат 26.08.2020, 16:36, Сұрақ нөмірі: 9571
Төрт баласы бар мемлекеттік қызметшінің ротация арқылы басқа аймаққа кетпей өз лауазымыда қалуына болама ?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.August.2020, 17:15
Құрметті Алмат! Мемлекеттік қызметті өткеру кезінде кәсіби әлеуеттің неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылады. Дегенмен, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау мақсатында, егер Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедек, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедек балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана (қорғаншы) болып табылатын немесе асырауында қарт ата-анасы бар мемлекеттік қызметшілерді басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол берілуі қарастырылған. Осы орайда, төрт баласы бар ротациялауға жататын мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға өзінің келісімі болмаса лауазымында қала алады.