«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар мен мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері»
Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар мен өткеру мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.08.2020, 15:00
- 26.08.2020, 18:00
Омарханова Калима 26.08.2020, 16:40, Сұрақ нөмірі: 9572
Қайырлы күн! Он жылдай ветеринар дәрігер болып жұмыс жасаған адамды конкурссыз мемлекеттің қызметке алуға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.August.2020, 17:21
Құрметті Қалима, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабы 3-тармағына сәкес : 1) өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындап жүрген қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер; 2) өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілер, судьялар; 3) уәкілетті комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын мемлекеттік саяси және әкiмшілiк қызметшілер лауазымдары тізіліміне сәйкес лауазымдары мемлекеттік саяси лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан мемлекеттік саяси қызметшілер; 4) уәкілетті комиссия айқындайтын халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар; 5) мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейіні бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адамдар; 6) уәкілетті комиссия айқындайтын, республикалық маңызы бар ірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірінші басшы лауазымын немесе бірінші басшыдан кейін келесі төмен тұрған лауазымды кемінде екі жыл атқарып жүрген немесе атқарған адамдар; 7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар уәкілетті комиссияның шешімімен «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшілiк лауазымдарына конкурс өткізілместен мемлекеттік қызметке орналаса алады. Егер Сіз атаған қызметші аталған тізбе бойынша талаптарға сәйкес келсе, мемлекеттік лауазымға конкурссыз орналаса алады.