Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері

«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 11
  • 07.09.2020, 11:00
  • 07.09.2020, 16:00

Бейсенбекова Айяжан 07.09.2020, 11:53, Сұрақ нөмірі: 9578

  • 0

Сәлеметсіз бе! Тестілеуден өтпей қалған едім, қайта тапсыру уақыты өзгерді деп естідім, Сол туралы нақтылайын деген едім?

Жамбыл облысы 07.09.2020

Сәлеметсізбе! Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеуден шекті мәндерден төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлерге белгілі нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.