Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері

«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 11
  • 07.09.2020, 11:00
  • 07.09.2020, 16:00

Кусемисова Камшат 07.09.2020, 13:22, Сұрақ нөмірі: 9580

  • 0

Сәлеметсіз бе! Әңгімелесу отырысына байқаушы ретінде кімдер қатыса алады?

Жамбыл облысы 07.September.2020, 15:06

Сәлеметсізбе! Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері қатыса алады.