Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері
«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 07.09.2020, 11:00
- 07.09.2020, 16:00
Мінәсіпова Айзат 07.09.2020, 14:11, Сұрақ нөмірі: 9581
Саламатсызба. Облыс орталығында және елді мекендерде «Цифрлық агент» қосымшасын жарнамалайтын баннерлер орналастырылғандығын байқадым. Аталған қосымшаның артықшылықтары қандай?
Жамбыл облысы 07.September.2020, 15:09
Сәлеметсізбе! Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы (01.11.2018 ж. бастап) іске қосылды. Аталған мобильдік қосымшаның артықшылығы қызмет алушылар шынайы уақытпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге мүмкіндіктері бар.Қазіргі таңда қызмет алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен,Мемлекеттік кірістер органдарымен және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдарымен көрсетілген қызметтердің сапасына қатысты шағымдарын білдіре алады. Қосымшаны Play Market және App Store сервистері арқылы жүктеуге болады. Сауал жіберілгеннен кейін Агенттіктің тиісті аумақтағы құрылымдық бөлімшесі құзыреті шеңберінде әрекет етеді.