Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері

«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 11
  • 07.09.2020, 11:00
  • 07.09.2020, 16:00

Ошақбай Нүркен 07.09.2020, 15:09, Сұрақ нөмірі: 9582

  • 0

Саламатсыз ба! Мемлекеттік қызметшілерді демалыс күндері сенбілікке шығару заңды ма заңсыз ба? Осы бойынша түсіндіріп берсеңіз?

Жамбыл облысы 07.September.2020, 15:24

Сәлеметсізбе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 32-бабының 4-тармағына сәйкес, шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн. Осы тармақта көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 77-бабында көрсетілгендей, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Осы Кодекстің 85-бабының 2-тармағына сәйкес, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін жұмыскердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 109-бабында көрсетілген мөлшерде ақы төленеді. Демек, мемлекеттік қызметшілердің үстеме, демалыс немесе мереке күндері жұмысқа тартылуы олардың тек жазбаша келісімімен ғана жүзеге асады және еңбек заңнамасына сәйкес қосымша өтемақы немесе демалыс күндері (сағаттары) беріледі.