Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері
«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 07.09.2020, 11:00
- 07.09.2020, 16:00
Сабыркеева Бейсенкуль 07.09.2020, 15:09, Сұрақ нөмірі: 9583
Саламатсыз ба? Мен жер телімін заңдастыру бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіндім. Содан кейін маған жер теліміне жеке меншік беретін құжаттарда сәйкессіздіктердің бар екендігін көрсетіп қызмет көрсетуден бас тартты. Қызмет берушінің бас тартуы заңды ма?
Жамбыл облысы 07.September.2020, 15:19
Сәлеметсізбе! Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Егер Сіз мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне аласыз.