Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері
«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар,мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 07.09.2020, 11:00
- 07.09.2020, 16:00
Кенетаев Алмаз 07.09.2020, 15:32, Сұрақ нөмірі: 9586
Ассалаумағалейкум! Өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметке кіруге арналған конкурс жеңілдеді деп естідім, конкурстардың түрлерін атап өтсеңіз?
Жамбыл облысы 07.September.2020, 15:37
Сәлеметсізбе! ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңының 27 бабына сәйкес "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады: 1) жалпы конкурс; 2) ішкі конкурс. Бұл ретте, барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктіріліп, конкурстар саны қысқартылғанын атап өту қажет.