Қазақстан Республикасы аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегi Интернет-конференция

Қазақстан Республикасы азаматтары мен облыстар, Астана қаласы мен Алматы қаласы Әкімдіктерінің арасында шұғыл режимде іс-қимыл орнату мақсатында 2008 жылдың 22 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығындағы кезеңде «Электрондық үкімет» веб-порталында Қазақстан Республикасы аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 160
  • Жауаптар: 124
  • 22.09.2008
  • 10.11.2008
  • Алматы қаласы әкімдігі

Кеңесова Мөлдір 08.10.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Салематсыздар ма! Біз баспанасыз жүрген жас жанұялардың біріміз. Жағдайымызды айта кетсек, 2 жастағы екі егіз баламызбен 3 жыл бойы пәтер жалдап келеміз. Қазіргі кезде жас жанұяларға көмек ретінде Президентіміздің жарлығымен ипотеканың жеңіл әдісі бойынша баспана алуға болады. Бірақ, өзіме келсем жалақым 15 000 теңге. Жолдасым Атырауда жеке құрылыс компаниясында қызмет атқарады. Құжат жинап тапсырайық десек, менің жалақым жетпейді. Жолдасымның жұмыс орнынан жеке болғасын керекті құжаттар берілмейді. Сонда бізге не істеуге болады?

Администратор 07.11.2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №711 қаулысымен бекітілген тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесіне сәйкес, несие алуға Сіздің жалақыңыздың деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда, бірлесіп қарыз алушыны шақыруға болады, яғни олар-қарыз алушының ері (жұбайы), жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-қарындастары, әжесі, немерелері), сондай-ақ бірге қарыз алатын және қарыз алушымен оны қайтаруға ортақ жауапкершілікте болатын адамдар.