Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және көпшілікке танымал ету жөніндегі іс-шаралар
«Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және көпшілікке танымал ету жөніндегі іс-шаралар» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 14.09.2020, 09:00
- 14.09.2020, 17:00
Жусупбаев Марат 14.09.2020, 15:16, Сұрақ нөмірі: 9607
Ақмола облысы аумағында киелі объектілерінің саны қанша және олардың нешеуі Қазақстанның киелі картасына енгізілді?
Ақмола облысы 14.September.2020, 15:54
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеу барысында ғалымдар мен сарапшылардың критерийлері мен ұсыныстарын есепке ала отырып, облыстың барлық киелі жерлеріне мұқият талдау жасалды. Нәтижесінде, Ақмола облысының мыңнан аса тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің ішінен 11 аса маңызды болып саналатын ескерткіш жалпыұлттық тізімге кірді. Олар – Құмай археологиялық-этнографиялық кешені, Абылай хан алаңы, Кенесары үңгірі, Батығай кесенесі, Оқжетпес тауы, Қабанбай батыр кесенесі, «Беспақыр» мазары, Науан Хазірет, Баубек батыр, Олжабай батыр жерлеу орны мен «Тоғыз әулие» кірді, ал аймақтыққа 35 киелі орын тізімге енгізілді.