Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірде орындалуы туралы
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірде орындалуы» тақырыбындағы интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Қ.Ганиева жауап береді.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 16.09.2020, 08:00
- 16.09.2020, 17:30
Тастемирова Самал 16.09.2020, 11:23, Сұрақ нөмірі: 9613
Көрнекі ақпараттардағы, жарнамалардағы орын алған қателер туралы кімге шағымдануға болады?
Батыс Қазақстан облысы 16.September.2020, 11:27
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабының және «Жарнама туралы» Заңдары талаптарының көрнекі ақпарат құралдарын рәсімдеуде сақталу мәселесі бойынша басқарманың «Сауатты жарнама – қала көркі» атты акция ұйымдастырылуда. Аталмыш акция арқылы көрнекі ақпараттардағы тіл заңдылығының сақталуына Whats App мессенджеріндегі 87774792705 нөмірі арқылы үнемі көмек көрсетілуде. Сондай-ақ көрнекі ақпараттар бойынша туындаған сұрақтарға Батыс Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Абдульмановқа жолығуға болады. Тел.: 87774792705, 87029342046. E-mail: oblkaztil.kogam@mail.ru. БҚО тілдерді дамыту басқармасы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116-үй. Тел.: 8 (7112) 500617. E-mail: zko-uralsk@mail.ru .