Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу

  • Сұрақтар: 33
  • Жауаптар: 33
  • 16.09.2020
  • 16.09.2020, 18:00

Қойшығұлов Тілеген 16.09.2020, 15:33, Сұрақ нөмірі: 9630

  • 0

Қайырлы күн! Бөлімде жетекші маманның атқарып отырған функциясымен EG-4 санатын, бас маманың EG-3 санатына өзгертуге болады ма?

Қостанай облысы 16.September.2020, 16:31

Сәлеметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56-бабы 7-тармағына сәйкес мемлекеттік органның ішінде басқару құрылымы өзгерген кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші бұрын атқарған лауазымымен мәні бірдей, бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін лауазымға тағайындалады. Мәні бірдей лауазым болмаған кезде, мемлекеттік әкімшілік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда өзге лауазым ұсынылуы мүмкін. Мемлекеттік әкімшілік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда ол қызметтен шығарылуға жатады. Кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді. Баяндалғандардың негізінде, мемлекеттік органның ішінде басқару құрылымы өзгерген кезде мәні бірдей лауазым болмаған жағдайда, мемлекеттік әкімшілік қызметші белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда EG-3 санатындағы лауазымынан EG-4 санатындағы лауазымға конкурстан тыс тағайындалуға құқылы.