Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу

  • Сұрақтар: 33
  • Жауаптар: 33
  • 16.09.2020
  • 16.09.2020, 18:00

Калиева Кымбат 16.09.2020, 15:45, Сұрақ нөмірі: 9632

  • 0

Қайырлы күн! Еgov порталы арқылы мемлекеттік қызметке кіру үшін тестілеуге жазыла алмай жүрмін. Тестілеу тоқтатылды ма? Түсіндіріп жібересіз бе? Рахмет.

Қостанай облысы 16.September.2020, 16:36

Сәлеметсіз бе! Қостанай облысында мемлекеттік және құқық органдарына түскісі келетін азаматтарға 2 тестілеу залы қызмет көрсетеді. Оның бірі - Қостанай қаласы, Әл-Фараби, көшесі 43 мекенжайы, екіншісі - Арқалық қаласы Абай даңғылы, 29 мекенжайы бойынша орналасқан. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердітестілеуді ұйымдастыратын тестілеу залдары штаттық режимде қызмет етуде. Алайда, пандемияға қатысты карантиндық шаралардың енгізілуіне байланысты, әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатындаҚостанай қаласында орналасқан тестілеу залында тестілеуден өтушілердің орнышектеулі. Осыған орай, тестілеуге қалаған уақытта жазылу мүмкін болмай тұр. Сондықтан, тестілеуге Egov порталы ұсынған күнге алдын ала жазылу қажет. Өз кезегінде, тестілеуден шұғыл түрде өту қажеттілігі туындаған жағдайда Арқалық қаласы Абай даңғылы, 29 мекенжайы бойынша орналасқан тестілеу залында өтуге болады.