Карантин уақытындағы білім беру туралы
Түркістан облысы аумағында карантин уақытында білім беру жүйесі туралы интернет конфернция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 23.09.2020, 10:00
- 24.09.2020, 17:00
Көлібай Мәншүк 23.09.2020, Сұрақ нөмірі: 9657
Cәлеметсіздерме! Облыстағы апатты және үшауысымды мектептер мәселесі қалай шешілмек?
Түркістан облысы 23.09.2020
Сәлеметсізбе! Сұрағыңызға рахмет. Жалпы, жаңа оқу жылында облыста 910 мектеп (900 – мемлекеттік, 10 – жекеменшік) жұмыс істейді, 1 қыркүйектегі жағдаймен, онда 499 535 оқушы білім алады, өткен оқу жылымен салыстырғанда 20 мыңға жуық оқушыға артқан. Биылғы жылы 52 білім беру нысандарының құрылысын салуға мемлекеттік бюджеттен 15 866,3 млн.теңге қаралған. Оның ішінде: - 48 мектептің құрылысына республикалық бюджеттен (жалпы сипаттағы трансферттер есебінен) 12 690,7 млн. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 23 мектептің құрылысы пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде: 1-апатты және 1-үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі. Олар: Үш ауысымды мектеп: Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекеніндегі 600 орындық «Темірлан» жалпы орта мектебі; Апатты мектеп: Сайрам ауданы, Қарабұлақ еліді мекеніндегі 600 орындық №92 «Ақсу» жалпы орта мектебі. - 1 мектептің (Төлеби ауданындағы №16 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі) ғимаратын қайта құрудан (реконструкция) өткізуге «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджетен 76,2 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде; - 1 мектептің (Созақ ауданындағы 300 орындық Сүгір Әліұлы атындағы мектеп) құрылысына «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 447,0 млн. теңге бөлініп отыр; - Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы су тасқынан зардап шекен 2 мектептің (Мақтаарал ауданынан 1200 орындық мектеп салуға, Мақтаарал ауданынан 280 орындық балабақша салуға) құрылысына Үкіметтің резервінен 2 652,4 млн. теңге қаралды. Сонымен қатар, облыстың даму бағдарламасына сәйкес қазіргі жағдай бойынша облыстағы апатты және үшауысымды мектептердің мәселесі 2021-2024 жылдары шешілмек. Алайда, халық саны мен бала туу көрсеткішінің артыуы және мектептердің пайдалану мерзіміне байланысты апатты және үшауысымды мектептер мәселесі күн тәртібінен түспейді.