«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі»

«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 23.09.2020, 10:00
  • 23.09.2020, 17:00

Суйнбаева Азиза 23.09.2020, Сұрақ нөмірі: 9658

  • 0

Қайырлы күн, Гүлшара Наушақызы! Мен Қызылорда қаласының тұрғынымын. Атырау облысында вахтамен жұмыс жасаймын. Балам Мәскеу қаласындағы жоғарғы оқу орнында оқиды. Өзіміздің әуежайдан Мәскеу қаласына рейстер ашылуы жоспарда бар ма?

Қызылорда облысы 23.September.2020, 13:12

Сұрағыңызға рақмет! Өздеріңізге белгілі, өткен жылдары ресейдің «Аэрофлот» әуекомпаниясымен «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» рейстері орындалған болатын. Биылғы жылы салалық министрлікпен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде мамыр айында аталған рейстің қайта ашылуына келісім болған еді. Бірақ бүгінгі қалыптасқан ахуалға байланысты кейінгі мерзімге жылжытылып отыр. Сонымен бірге, «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы өзге өңірлерге рейстер саны өсіп келеді. Бүгінгі күні аптасына 40 тұрақты әуе рейсі орындалуда (Нұр-Сұлтан қ. - 21 рейс, Алматы - 17 рейс және Атырау - 2 рейс). Бұл рейстер «AirAstana», «Qazaq Air», «Skat», «Fly Arystan» сияқты барлық отандық әуекомпаниялармен іске асырылуда. Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап Атырау қаласына «Fly Arystan» әуекомпаниясымен аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма) рейстер орындала бастады. Билеттер қолжетімді (6 990 теңгеден басталады).