«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі»

«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 23.09.2020, 10:00
  • 23.09.2020, 17:00

Накипова Толғанай 23.09.2020, 13:34, Сұрақ нөмірі: 9659

  • 0

Сәлеметсіз бе, Гүлшара Наушақызы! Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігіндегі Ғ. Мұратбаев көшесіндегі көпірден бастау алатын көше құрылысы Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолына қашан қосылады. Биылғы жоспарларыңызда бар ма?

Қызылорда облысы 23.September.2020, 16:59

Сәлеметсіз бе! Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінен бастау алатын 4 жолақты магистралды көшенің құрылыс жұмыстарын биылғы жылы аяқтайтын боламыз. Әрі қарай Шіркейлі каналына салынған көпір арқылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік жолына қосу мәселесімен айналысудамыз. Ағымдағы жылдың қазан айында мердігер мекемемен келісім-шартқа отырып, жыл соңына дейін көлік қозғалысына жол ашамыз деген жоспарымыз бар. Тиісті қаражаты шешілген.