«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі»

«Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 23.09.2020, 10:00
  • 23.09.2020, 17:00

Женсикбаев Елдос 23.09.2020, 13:50, Сұрақ нөмірі: 9660

  • 0

Қайырлы күн, Гүлшара Наушақызы! Қызылорда-Бесарық-Түркістан пойызы алдағы жылы тоқтайды деген қауесет тарап жатыр. Бұл пойыздың вагондары жаңа, бағасы арзан болғандықтан Жаңақорған мен Шиелі халқына ыңғайлы болып еді. Осы пойыздың тоқтатылатындығы рас па?

Қызылорда облысы 23.September.2020, 16:59

Сәлеметсіз бе! «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» пойызы аптасына 5 күн жүріп облысымыздың Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы 26 елді мекен тұрғындарын бағасы төмен көлік қатынасымен қамтамасыз етіп келеді. Аталған пойыздың жүруіне облыстық бюджеттен жыл сайын субсидия бөлініп келеді.Алдағы жылдарға бұл пойыздың тұрақты түрде тұрғындарға қызмет көрсетуіне қаржы қаралатын болады.