Карантин уақытындағы білім беру туралы
Түркістан облысы аумағында карантин уақытында білім беру жүйесі туралы интернет конфернция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 23.09.2020, 10:00
- 24.09.2020, 17:00
Курганова Зилола 23.09.2020, 14:36, Сұрақ нөмірі: 9661
Жыл сайын көтерілетін мәселе, ол жаңа оқу жылындағы кітап жетіспеушілігі. Осы мәселенің оңтайлы шешудің жолын табуға болады ма?
Түркістан облысы 23.September.2020, 14:39
Сәлеметсізбе, сұрағыңызға рахмет! Мемлекеттік бағдарламаға және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министрлік) бекіткен тізбесіне сәйкес, мектеп оқушыларын жергілікті бюджеттен (аудандық, қалалық) жыл сайын кезең-кезеңімен (4 жылда бір рет) сатып алу жолымен тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен 100 пайыз қамтамасыз етіліп келеді. Анықтама: (2011 жылы – 4 ,6, 11 сыныптар - 100%, 2012 жылы – 1, 7, 8 сыныптар - 100%, 2013 жылы – 2, 9 сыныптар - 100%, 2014 жылы – 3,10 сыныптар - 100%, 2015 жылы - 4,5,6,11 сыныптар, ал, 2016 жылы - 1 сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері – 100%, 2017 жылы – 2,5,7 сыныптар – 100%, 2018 жылы – 3,6,8 сыныптар – 100%, 2019 жылы – 4,9,10 сыныптар – 100% алынды). Ал, биылғы 2020-2021 жаңа оқу жылында мектеп оқушыларына жаңартылған білім беру мазмұнындағы 11 сыныптардың барлық оқулықтары мен 5,6 сыныптардың информатика оқулықтары толығымен алынды. Сонымен қатар, оқушылар санының өсуін ескере отырып, басқада сыныптардың жетіспейтін (дозакуп), ескі оқулықтарын жаңартуға және жаңартылған білім беру бағдарламасының кезең-кезеңіне өтуіне байланысты 11 сыныптардың барлық оқулықтары мен ОӘК, 5,6 сыныптардың информатика оқулықтарын сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңге (оның 4,4 млрд. теңгесі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға, ал 49 млн. 376 мың теңгесі оларды тасымалдауға) бөлінді. Бүгінгі күні, облысымыздың барлық мектебі оқулықтармен толық қамтылды.