«Мемлекеттік қызмет жүйесінде қызметке түсу, тағлымдамадан өту және оқу сұрақтары»

«Мемлекеттік қызмет жүйесінде қызметке түсу, тағлымдамадан өту және оқу сұрақтары» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Ф. Степаненко жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 25.09.2020, 11:00
  • 25.09.2020, 16:00

Абишев Азамат 25.09.2020, 11:47, Сұрақ нөмірі: 9669

  • 0

Осы айда мемлекеттік қызметке түсу үшін тестілеуден өттім. Мамандығым экономист. Мемлекеттік қызметте бар бос орындарды қайдан білуге болады.

Солтүстік Қазақстан облысы 25.09.2020

Қайырлы күн, Абишев Азамат! Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткізілетін конкурстар туралы барлық хабарландырулар бірыңғай тұғырнамада www.gov.kz Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады. Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін таңдап қосымша бетіне өту қажет, ашылған бетте «Әкімшілік лауазымдарға арналған бос орындар» сілтемесін басып, фильтр бойынша белгіленген мамандығы бойынша жарияланған бос лауазымдарды таңдауға болады.