Кәсіпкерлерді ақпараттандыру
Түркістан облысы аумағында кәсіпкерлерді ақпараттандыру туралы интернет конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 28.09.2020, 10:00
- 29.09.2020, 17:00
Алмаханов Исабек 28.09.2020, 17:20, Сұрақ нөмірі: 9685
Сәлеметсізбе, сұрағым неліктен банктер аудандарда, ауылдық елді мекендерде орналасқан кепілдік қамтамасыз етуді қабылдамайды ?
Түркістан облысы 28.September.2020, 17:35
Сәлеметсізбе! Кепіл дегеніміз-қарыз алушыға тиесілі және несие қайтарылатынына кепілдік беретін құнды мүлік. Банк үшін кепілдік несие несиелеудің ең қауіпсіз түрлерінің бірі болып табылады. Қарыз алушыға тиесілі пәтер, саяжай, кеңсе, өндірістік үй-жай, автомобиль, бағалы қағаздар немесе банк салымы несие алу үшін кепіл бола алады. Несие алу үшін кепіл ретінде ресімделетін мүліктің өтімділігі жоғары болуы маңызды. Несие бойынша тәуекелдерді банк дербес көтереді, сондықтан кепілдік саясаты банктен шығады. Егер банктің кепілдік саясаты аудандарда, ауылдық елді мекендерде орналасқан кепіл ретінде қарастыруға мүмкіндік берсе, онда бұл жағдайда барлық тәуекелдерді бағалағаннан және клиенттің төлем қабілеттілігін мұқият тексергеннен кейін банк Жылжымайтын мүлік кепілімен кредит беру туралы түпкілікті шешім шығарады.