«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылымдардың оқырмандар аудиториясымен байланысы
«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылымдардың бүгінгі оқырмандары кімдер? Оқырман мен басылым арасындағы байланыс қалай жүзеге асуда? Интернет-конференция аясында осы мәселені оқырманмен бірлесе отырып, кеңірек талқылаймыз.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 29.09.2020, 09:00
- 30.09.2020, 18:00
Байгуатова Айнур 29.09.2020, 15:31, Сұрақ нөмірі: 9689
Сәлеметсіздер ме? "Қазақ газеттерінің" басылымдарымен жақсы таныспыз. Тарих пәнінің мұғалімі ретінде "Ана тілі" газетіндегі тарихи тақырыптағы мақалаларды көрнекілік құралдар, қосымша әдебиет ретінде сабағыма жиі пайдаланамын. Сұрайын егенім, мұғалімдерге біліктілігін көтеру ретінде басылымдарға мақала жариялау керек. Сіздердің газеттеріңізге мақаламызды қалай шығарсақ болады?
«Қазақ газеттері» ЖШС 29.September.2020, 16:30
Сәлеметсіз бе! Газет-журналдардың бағытына қарай мұғалімдердің материалдарын жариялап тұрамыз. Ғылыми көзқарас тұрғысынан жазылса, "Ақиқат" журналына жіберуге болады. Білім беру ісіндегі ерекше әдіс-тәсіл, жеке тәжірибе туралы болса, "Ақ желкен" журналы мен "Ұлан" газетіне жіберуге болады. Балалар басылымдары талапты, дарынды оқушылар туралы материалдарды да жариялайды. Мақала жариялау үшін дайын материалыңызды басылымдардың электрондық поштасына жіберуіңіз қажет.