«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылымдардың оқырмандар аудиториясымен байланысы

«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылымдардың бүгінгі оқырмандары кімдер? Оқырман мен басылым арасындағы байланыс қалай жүзеге асуда? Интернет-конференция аясында осы мәселені оқырманмен бірлесе отырып, кеңірек талқылаймыз.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 29.09.2020, 09:00
  • 30.09.2020, 18:00

Байнияз Руслан 30.09.2020, 14:57, Сұрақ нөмірі: 9693

  • 0

Сәлеметсіз бе,Шәмшидин мырза! "Қазақ газеттерінің" басылымдары бізге бала кезімізден таныс."Ұлан" мен "Балдырғанды" жастанып өссек, есейе "Ана тілі" мен "Ақиқат" журналын кітапханадан іздеп оқитын болдық.Сұрайын дегенім, ертеректе "Ақиқат" журналынан әнші-композитор Әсет Найманбаев туралы бір тамаша мақала оқыған едім.Сол мақаланы қайдан тапсам болады? Қателеспесем 2011 жылғы саны болу керек. Журналдың ескі санын кітапханадан басқа қай жерден алуға болады?

«Қазақ газеттері» ЖШС 30.September.2020, 15:36

Сәлеметсіз бе! Пікіріңізге рахмет! "Ақиқат" журналында Әсет Найманбаев туралы мақала 2011 жылдың қарашасында жарық көрген екен. Мақаланы сайтымыздың мұрағатынан оқи аласыз. Сілтемесі: http://aqiqat.kazgazeta.kz/news/214 Сайт мұрағатындағы іздеу жүйесі мен рубрикаларды қолдана отырып, өзге де материалдармен таныса аласыздар.