«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылымдардың оқырмандар аудиториясымен байланысы

«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылымдардың бүгінгі оқырмандары кімдер? Оқырман мен басылым арасындағы байланыс қалай жүзеге асуда? Интернет-конференция аясында осы мәселені оқырманмен бірлесе отырып, кеңірек талқылаймыз.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 29.09.2020, 09:00
  • 30.09.2020, 18:00

Сейтказиева Ляйля 30.09.2020, 15:11, Сұрақ нөмірі: 9696

  • 0

Сәлеметсіздер ме? Сіздерден білейін дегенім басылымдарыңызға электронды подписка жасауға бола ма? Егер жазылуға болса, сілтеме беріңіздерші.

«Қазақ газеттері» ЖШС 30.September.2020, 16:27

Сәлеметсіз бе? Сұрағыңызға рахмет. Басылымдарға жазылу әзірге тек пошта арқылы ғана мүмкін болып тұр. "Қазақ газеттері" мен "Жас өркен" ұйымдары қосылғаннан кейін серіктестіктің 10 басылымы біріктірілген жаңа нұсқадағы сайт жасалды. Онлайн жазылу функциясы дәл қазір әзірлену үстінде. Жақын арада іске қосылады деп сенеміз. "Қазақ газеттерінің" сайтын мұқият қарап жүріңіз, болмаса kaz_gazeta@mail.ru поштасына электронды поштаңызды жолдаңыз. Онлайн жазылу функциясы қосылған кезде сізге міндетті түрде сілтемесін жолдаймыз.