Облыстағы тіл саясатың жүзеге асырылуы және ономастикалық ахуал
ҚР Тіл туралы Заңы мен Қазақстан Республикасындағы Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.10.2020, 15:00
- 06.10.2020, 18:00
Аубакиров Нурхат 06.10.2020, 15:25, Сұрақ нөмірі: 9706
Қате жарнама ілген жеке кәсіпкерлерге айыппұл қарастырылған ба?
Жамбыл облысы 06.October.2020, 16:26
Қайырлы күн. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" № 235-V Кодексі. 75-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық 3. Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзу – ескерту жасауға әкеп соғады. 4. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.