Облыстағы тіл саясатың жүзеге асырылуы және ономастикалық ахуал
ҚР Тіл туралы Заңы мен Қазақстан Республикасындағы Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.10.2020, 15:00
- 06.10.2020, 18:00
Дилдахан Абзал 06.10.2020, 17:14, Сұрақ нөмірі: 9707
Сәлеметсіз бе? Кәсіпкермін. Дүкеніме ілінетін жарнама бойынша қалай ақпарат алсам болады?
Жамбыл облысы 06.October.2020, 17:18
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» N 151 Заңының «Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi» 21-бабына сәйкес көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» N 508 Заңының «Жарнамаға қойылатын талаптар» 6-бабына сай жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс. Сол Заңның «Сыртқы (көрнекi) жарнама» 11-бабына сәйкес ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелерi немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар: сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін тиісінше эстетикалық, санитариялық және техникалық жай-күйде ұстап тұруға тиісті.