Жалпыға қолжетімді дербес деректер тізбесін айқындау және бекіту
Жалпыға қолжетімді дербес деректерді қолжетімділігі шектеулі дербес деректерден нормативтік ажырату мәселесі қаралуда. Яғни, жалпыға қолжетімді деректерге жатқызылған дербес деректердің тізбесін бекіту ұсынылады. Осылайша, жалпыға қолжетімді Тізбеге енгізілген Дербес деректер пайдаланылуы, қайта жариялануы және таратылуы мүмкін. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, өз кезегінде, қорғалады, ал оларды заңсыз жинау – жолын кеседі және жазаланады. Бұл әркімнің ақпаратты еркін алу және тарату құқығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың ашық деректерді жариялауымен байланысты. Ашық деректер кейбір жағдайларда дербес деректерді қамтитындықтан, Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамада белгіленген талаптарды қолдану мүмкін емес.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 13.10.2020, 10:30
- 13.10.2020
Ағабекова Ғайни 13.10.2020, 11:02, Сұрақ нөмірі: 9716
Менде мынандай сұрақ туындап тұр, егер мен egov порталының жеке кабинетінде менің дербес деректерімді заңсыз жинауды тапсам, кімге хабарласуым қажет?
ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 13.October.2020, 11:13
Қайырлы күн, Ғайни! Бұл жағдайда және дербес деректерді заңсыз жинауға және өңдеуге байланысты өзге де жағдайларда сіз тиісті өтінішпен ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетініне жүгіне аласыз. Меншік иесі, оператор немесе үшінші тұлға тарапынан құқық бұзушылық болған кезде әкімшілік жазалау шаралары қолданылатын болады. Бұл үшін өтініште әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер - бұзушылық фактісін растайтын материалдар, құқық бұзушылыққа жол берген субъект және оны жасау мерзімдері қамтылуға тиіс.