Жалпыға қолжетімді дербес деректер тізбесін айқындау және бекіту

Жалпыға қолжетімді дербес деректерді қолжетімділігі шектеулі дербес деректерден нормативтік ажырату мәселесі қаралуда. Яғни, жалпыға қолжетімді деректерге жатқызылған дербес деректердің тізбесін бекіту ұсынылады. Осылайша, жалпыға қолжетімді Тізбеге енгізілген Дербес деректер пайдаланылуы, қайта жариялануы және таратылуы мүмкін. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, өз кезегінде, қорғалады, ал оларды заңсыз жинау – жолын кеседі және жазаланады. Бұл әркімнің ақпаратты еркін алу және тарату құқығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың ашық деректерді жариялауымен байланысты. Ашық деректер кейбір жағдайларда дербес деректерді қамтитындықтан, Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамада белгіленген талаптарды қолдану мүмкін емес.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 13.10.2020, 10:30
  • 13.10.2020

Рыспаев Ерлан 13.10.2020, 11:27, Сұрақ нөмірі: 9718

  • 0

Сәлеметсіздерме! Жалпыға қолжетімді дербес деректерге қандай мәліметтерді жатқызуға болады?

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 13.October.2020, 11:40

Қайырлы күн, Ерлан! Ашық деректерде қамтылған дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, ЖК болуы туралы ақпарат және т.б.), сондай-ақ ашық қолжетімділікте көрсетілетін деректер (телефон, жұмыс орны, лауазымы және т.б.) жалпыға қолжетімді дербес деректерге жатқызылатын болады.