Жалпыға қолжетімді дербес деректер тізбесін айқындау және бекіту
Жалпыға қолжетімді дербес деректерді қолжетімділігі шектеулі дербес деректерден нормативтік ажырату мәселесі қаралуда. Яғни, жалпыға қолжетімді деректерге жатқызылған дербес деректердің тізбесін бекіту ұсынылады. Осылайша, жалпыға қолжетімді Тізбеге енгізілген Дербес деректер пайдаланылуы, қайта жариялануы және таратылуы мүмкін. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, өз кезегінде, қорғалады, ал оларды заңсыз жинау – жолын кеседі және жазаланады. Бұл әркімнің ақпаратты еркін алу және тарату құқығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың ашық деректерді жариялауымен байланысты. Ашық деректер кейбір жағдайларда дербес деректерді қамтитындықтан, Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамада белгіленген талаптарды қолдану мүмкін емес.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 13.10.2020, 10:30
- 13.10.2020
Талдыбаева Гульнур 13.10.2020, 11:50, Сұрақ нөмірі: 9719
Құқық қорғау органдары мен адвокаттар дербес деректерді жинаған және өндеген кезде олардың иесінен келісім алуға міндетті ме?
ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 13.10.2020
Қайырлы күн, Гульнур! Құқық қорғау органдарының қызметін жүзеге асыру кезінде дербес деректерді жинау, өңдеу субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жүргізіледі. "Адвокаттық қызмет туралы" ҚР Заңына сәйкес адвокат барлық мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде дербес деректерді сұратуға және алуға құқылы. Алайда, жоғарыда көрсетілген Заңның 37-бабының 2-тармағына сәйкес адвокаттар заң көмегін көрсетуге байланысты алынған қандай да бір мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерінде немесе үшінші тұлғалардың мүдделерінде пайдалануға құқылы емес.