Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер
Медициналық санитариялық амбулаторлық көмек ұйымдарына халықты тіркеу науқаны туралы
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2020, 15:00
- 13.10.2020, 18:00
Елемесова Жансая 13.10.2020, 15:08, Сұрақ нөмірі: 9722
Қайырлы күн! Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтсаңыз?
Жамбыл облысы 13.October.2020, 15:23
Қайырлы күн. Облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың 13 қазанына облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 4145 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 358,4 құрады. Пневмонияның – 134 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте КВИ-дың 2 жағдайы тіркелді. Тіркелген жағдайлардың ішінде 1806 науқас (43,6%) симптоммен, 2339 науқас (56,4%) симптомсыз. Инфекциялық стационардан 4058 азамат сауығып шықты. КВИ-дан 61 өлім оқиғасы тіркелді. Инфекциялық стационарда – 9 (төсек орындар 3,6%-ға толтырылған) науқас бар, о.і.: 0 науқастың денсаулық жағдайы жеңіл, 5 орташа, 4 науқастың жағдайы ауыр дәрежеде;