Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер
Медициналық санитариялық амбулаторлық көмек ұйымдарына халықты тіркеу науқаны туралы
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2020, 15:00
- 13.10.2020, 18:00
Нурекенов Олжас 13.10.2020, 15:44, Сұрақ нөмірі: 9723
Саламатсыз ба? Жамбыл облысында дәрі дәрмек қоры қаншалықты ,жиі тексеріліп отырады? Тұмауға қарсы вакцинаны екпеген азаматтарға айыппұл салына ма?
Жамбыл облысы 13.October.2020, 17:21
Сәлеметсіз бе, Олжас Нурекенов. Дәрілік заттардың қоры бойынша. Бірыңғай дистрибьютормен стационар шеңберінде облыстың медициналық ұйымдарына (барлығы 78 медициналық ұйым, оның ішінде 34-і басқармаға қарасты ұйымдар, ал 35-і жеке меншіктегі және 9 әскери медициналық ұйымдар барлығын санағанда) 5,5 млрд.теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілді. Оның ішінде коронавирустық инфекция инфекциясын емдеуге және алдын алуға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар 822,63 млн теңгеге жеткізілді. Жамбыл облысы бойынша 81 дәрілік зат атауы бойынша мамыр-тамыз айларында 677,57 млн теңгеге қосымша өтінім берілді. Медициналық ұйымдарда стационарлық деңгейде дәрілік заттардың қоры: Антикоагулянттар – 16 625 шприц және 13 536 құты, Антибиотиктер-35 302 таблетка және 507 210 құты. Кортикостероидтар- 45 855 құты Дене қызуын түсіруге арналған ДЗ- 3123 таб Вирусқа қарсыпрепараттар – 36 940 таб Дәрумендер – 255 330 ампула Сонымен қатар, медициналық ұйымдарының өтінімдеріне сәйкес қазан-желтоқсан айларында «СҚ-Фармация» ЖШС-мен: Антикоагулянттар 101 090 шприц және 60250 құты, Антибиотиктер-37 614 таблетка және 441 779 құты. Кортикостероидтар- 79 467 құты, Дене қызуын түсіргу арналған ДЗ- 116 622 таб, Дәрумендер – 364 400 ампула жеткізіледі. Бірыңғай дистрибьютормен амбулатория шеңберінде облыстың медициналық ұйымдарына 5,8 млрд теңге сомасына. Оның ішінде «тыныс алу жолдары ауруы» нозологиясы және «Коронавирустық инфекция COVID-19» нозологиясы бойынша 121 млн теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілді. Амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар қоры: Антикоагулянттар -21 555 кап және 87 840 таб, Антибиотиктер-711 716 таблетка, 1260 капсула және 65 459 құты. Дене қызуын түсіргу арналған ДЗ- 207 300 таб, 29 390 суппозиторий, 6041 құты. Қосымша медициналық ұйымдардың өтініміне сәйкес қыркүйек –қазан айларында «СҚ-Фармация» ЖШС-мен Антикоагулянттар – 10 620 кап және 19 590 таб, Антибиотиктер-14 495 таблетка және 1 242 құты. Дене қызуын түсіргу арналған ДЗ – 33 800 таб, 2 404 суппозиторий, 897 құты жеткізіледі. Облыстағы медициналық ұйымдардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тікелей бақылауында. Медициналық ұйымдардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуіне байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан үнемі мониторинг жүргізіледі. Тамыз-қыркүйек айларында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан құрылған мониторингтік топ жұмыс істеді. Жұмыс нәтижесі облыс әкімінің орынбасары төрағалығымен өткен кеңестер қаралды. Одан басқа, қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында 2020 жылдың 19 тамызында денсаулық сақтау басқармасының №503-Ө бұйрығымен мониторинг тобы құрылған. Топтың құрамына денсаулық сақтау бақсармасы басшысының орынбасары, басқарманың ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы, басқарманың ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы, қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі, волонтерлер, дәрімен қамтамасыз ету және медициналық құрал жабдықтар бөлімшесінің басшысы, қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы, басқарманың медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары, «СК-Фармация» ЖШС Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің басшысы, Жамбыл облысы Ақжүніс аналар еріктілер қоғамының жетекшісі кірді. Топ зерделеу жұмыстарын 26 тамыздан 11 қыркүйекке дейін атқарды. Бүгінгі күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның екінші толқынына медициналық ұйымдардың дайындық жұмыстарын бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында 2020 жылдың 9 қазанында құрылған мониторингтік тобы жұмыс атқаруда. Тұмауға қарсы вакцинаны екпеген азаматтарға айыппұл салынбайды.