Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер
Медициналық санитариялық амбулаторлық көмек ұйымдарына халықты тіркеу науқаны туралы
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2020, 15:00
- 13.10.2020, 18:00
Ахметов Жангазы 13.10.2020, 17:29, Сұрақ нөмірі: 9724
ОСМС бойынша жеке емханаларға қай уақыттан бастап бара аламыз? Бүгінгі таңда Жамбыл облысында қанша адамға вакцина жасалды?
Жамбыл облысы 13.October.2020, 17:36
Сәлеметсіз бе, Жанғазы Ахметов. Мемлекеттік тапсырыс алатын жеке меншік медициналық ұйымдар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қабылдауда. Вакцина бойынша: Жыл сайын жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы вакциналау жүргізу жоспарлануда. 2020 жылға 280,8 млн. теңгеге 323 748 доза тұмауға қарсы вакцинасы сатып алынды. «СҚ-Фармация» ЖШС-не 95,4 млн. теңгеге қосымша 109 995 доза көлемінде тұмауға қарсы вакцинасына тапсырыс берілді. Жалпы ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен (376 млн. теңге) 433 743 доза тұмауға қарсы екпе жеткізілу жоспарлануда. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2020-2021 жылғы эпидмаусымда тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы»2020 жылғы 5 қыркүйектегі №51 қаулысына сәйкес тұмауға қарсы иммундау кампаниясы ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен басталды. Бүгінгі таңда 170714 тұлға тұмауға қарсы екпе алды.