Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер
Медициналық санитариялық амбулаторлық көмек ұйымдарына халықты тіркеу науқаны туралы
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2020, 15:00
- 13.10.2020, 18:00
Билибаев Сейтжан 13.10.2020, 17:33, Сұрақ нөмірі: 9725
Пандемияға қарсы шараларды күшейту бойынша медицина мамандарының біліктілігін арттыру бойынша айтсаңыз?
Жамбыл облысы 13.October.2020, 17:38
Сәлеметсіз бе, Сейтжан Билибаев. Мамандарды, оның ішінде орта буын медицина қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін және білімін арттыруға келер болсақ: Медицина қызметкерлерін оқытуға ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 1089 маманды оқыту жоспарланған, оның ішінде Қазақстан Республикасы шеңберінде 1081, шетелде 8. Жоспар бойынша 1050 медицина қызметкерлері біліктілігін арттыруда. Жалпы пандемияға қарсы шараларды күшейту бойынша 4340 медицина қызметкерлері оқытылды, 520 медицина қызметкерлерін оқыту жоспарланды. Сонымен қатар, «М.Айқымбаев атындағы» аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында«Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» 005 бағдарламасы шеңберінде «Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы және биоқауіпсіздік» тақырыбында 5 маман 2020 жылдың 10 тамызы мен 27 қарашасы аралығында қайта даярлаудан өтуде. Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі №94 қаулысына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдардың COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға бір жолғы әлеуметтік төлемді жүздеге асыру үшін комиссия құрамы бекітілген. Бүгінгі күнге дейін 12 комиссия отырысы өтіп, 266 медицина қызметкерлерінің құжаттары қаралды. 108 (оның ішінде 5 медициналық қызметкер қайтыс болған)медицина қызметкерінің құжаттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің «MAPCOVID» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, 108 медициналық қызметкердің өтініштері мақұлданып (оның ішіндегі 103 – 2 млн төленді, 5 қайтыс болған медицина қызметкерлердің отбасына – 10 млн төленді). 158 медицина қызметкерінің құжаттары аталған әлеуметтік төлем алуға жатпайды, кері қайтарылды. 61 медицина қызметкерлерінің құжаттары басқа ведомствоның, жеке медициналық мекемелер, әскери госпиталь және т.б. ұйымдарда болғаннан кейін, комиссия мүшелерімен қаралмайтын болып шешілді, оларды өздерінің орталық атқарушы органдарына жолдау бойынша нұсқаулық берілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар тұрақты бақылауда.