Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер
Медициналық санитариялық амбулаторлық көмек ұйымдарына халықты тіркеу науқаны туралы
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2020, 15:00
- 13.10.2020, 18:00
Билибаев Сейтжан 13.10.2020, 17:41, Сұрақ нөмірі: 9726
Медициналық мекемелерді техникамен қамтамасыз ету бойынша айтсаңыз?
Жамбыл облысы 13.October.2020, 17:52
Медициналық мекемелерді медициналық техникамен қамтамасыз ету бойынша айта кетейін, медициналық құрал-жабдықтарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға жергілікті бюджет есебінен 1,6 млрд теңге бөлінді. Облыс бойынша 10 компьютерлік томографиялар (КТ) жұмыс істеуде, оның ішінде: 3 компьютерлік томография, мемлекеттік медициналық ұйымда, қосымша бөлінген қаражат есебінен 3 компьютерлік томография қойылатын болады және 4 компьютерлік томография ауданға мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында қойылады. Ауыр тыныс алу жетіспеушілігі бар науқастарды емдеу мақсатында облысқа 2 экстрокорпаралды мембранды оксигенация аппаратын алу жоспарланды. Одан басқа 100 көп функциональды кереует, 3 қышқылдық сілтілік жағдайды өлшейтін (КЩС) аппараты, 4 цифрлық рентген аппараты алынуда. Және де облыстық медициналық ұйымдарға 4 оттегі станциясын орнату жоспарлануда. 14 бірлік өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен Жамбыл облысына жедел жәрдем стансасына 53 бірлік жедел жәрдем көліктері, 53 бірлік өкпені жасанды желдету аппараты алынады.