Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу
- Сұрақтар: 38
- Жауаптар: 38
- 16.10.2020
- 16.10.2020, 18:00
Жумабаева Жанат 16.10.2020, Сұрақ нөмірі: 9735
. Сәлеметсізбе! Мен қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте жұмыс жасаймын. Аз уақыттан соң жүктілікке және бала (балаларды) тууға байланысты демалысқа кетемін. Осы орайда сұрағым келгені бала туылғаннан кейін уақытша қабілетсіздік парағын тапсырып, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын алуға құықығым бар ма?
Қостанай облысы 16.10.2020
Сәлеметсіз бе! «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 54 бабына сәйкес «мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi.Мемлекеттік қызметшілерге алғашқы және одан кейінгі жылдардағы жұмысы үшін жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі». Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 91 бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде: 1) нақты жұмыс істелген уақыт; 2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт; 3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт; 4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады. Баяндалғанның негізінде, мемлекеттік қызметшінің, жүктілікке және бала (балаларды) тууға байланысты демалыс аяқталғаннан кейін жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысын алуы заңнамамен қарастырылғанын хабарлаймыз.