Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу
- Сұрақтар: 38
- Жауаптар: 38
- 16.10.2020
- 16.10.2020, 18:00
Әбжамал Абылайхан 16.10.2020, Сұрақ нөмірі: 9736
Қайырлы күн! Егер де мен басқа аудандағы мемлекеттік органға тағлымдамдан өтуге жолдансам жол және үйді жалға алуға жұмсалған қаражат өз есебімнен төленеді ме?
Қостанай облысы 16.10.2020
Сәлеметсіз бе! Қызметшілердің тағылымдамадан өту мерзімінде жалақысы сақталады. Қазақстан Республикасының аумағы шегiнде өзге елді мекенге тағылымдамаға жіберілген тағылымдама өтушінің жұмсалатын шығынын өтеу тәртібі мен шарттары бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысымен айқындалады. Баяндалғанның негізінде тағлымдамадан өтуге жоспарланған мемлекеттік қызметшілердің шығындары, заңнамаға сәйкес жолдап отырған мемлекеттік органның есебінен төленетінін хабарлаймыз.