Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу
- Сұрақтар: 38
- Жауаптар: 38
- 16.10.2020
- 16.10.2020, 18:00
Кеңарал Гүлсая 16.10.2020, Сұрақ нөмірі: 9738
Қайырлы күн! Сіздерден сұрайын дегенім Мемлекеттік қызмет туралы заңға еңгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жойылды. Мен қазіргі уақытта Министрліктің жергілікті департаментінде қызмет атқарамын, келешекте облыс аппаратына жұмысқа орналасқым келсе ішкі конкурсқа қатысуыма болады ма?
Қостанай облысы 16.10.2020
Сәлеметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға еңгізілген өзгерістерге сәйкес, "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады: 1) жалпы конкурс; 2) ішкі конкурс. Аталған Заңның 29-бабының, 1-тармағының, 1-4) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы. Баяндалғанның негізінде келесіні хабарлаймыз, егерде Сіз келешекте жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға шешім қабылдаған жағдайда, тек жалпы конкурс арқылы өтуге құқылысыз.