«Аймаққа отандық және шетелдік инвестицияны тарту арқылы жаңа өндіріс орындарын ашу»
«Аймаққа отандық және шетелдік инвестицияны тарту арқылы жаңа өндіріс орындарын ашу» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 3
- 28.10.2020, 10:00
- 28.10.2020, 17:00
Бекжанова Жансая 28.10.2020, 11:00, Сұрақ нөмірі: 9801
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
Соңғы сұхбаттарыңыздың бірінде, биылғы жылы облысымызда инвестиция көлемі айтарлықтай төмендегенін, 2021 жылы 586 млрд.теңге инвестиция көлемі жоспарланғанын атап өттіңіз. Осыған орай, келер жылғы межені орындау мақсатында қандай шаралар көзделуде?
Қызылорда облысы 28.October.2020, 11:54
Сәлеметсіздер ме, Жансая! Сұрағыңызға рахмет. Биылғы жылы облысымызға 230 млрд.теңге инвестиция тарту қажет. Облыстың былтырғы жылғы инвестиция базасы – бірнеше ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жоғары болды. Бұған қоса, пандемия салдарынан мұнай компаниялары, инвестициялық жоба бастамашылары инвестиция көрсеткіштеріне түзетулер енгізді. Міне осы себептерге байланысты биылғы жылғы инвестиция көлемі төмендеуді көрсетіп отыр. Ал келер жылы өңір экономикасына 586 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осы межеге қол жеткізу үшін облыс әкімдігі инвестициялардың жаңа толқынын тарту бойынша қарқынды жұмыстар атқаруда. Біріншіден, биылғы жылы «2023 жылға дейінгі облыстың экономикалық дамуының» Жоспарын бекітіп, іске асыруға кірісіп кеттік. Жоспар аясында құны 270 млрд.теңгені құрайтын 265 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Биылғы жылы құны 28 млрд. теңгені құрайтын 110 жоба іске қосу жоспарланған болса, оның қазір 63-і іске қосылды. Екіншіден, Индустрияландыру бағдарламасы аясында құны 328 млрд.теңгеден асатын 2 ірі жобаның: «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинаты мен кальцийленген сода шығару зауытының құрылысы басталады. Сонымен бірге, құны 52 млрд. теңге құрайтын 7 индустриялық жоба іске асырылып, 670 жаңа жұмыс орны құрылады. Үшіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңінен өңдеу, құрылыс индустриясы, сондай-ақ шыны және химиялық кластерлер салаларында құны 80 млрд.теңге құрайтын жаңа 28 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, шыны кластерін құру аясында инвесторлармен бірге 4 жобаны іске асыру жұмыстары басталып кетті. Атап айтқанда, шыны талшықты құбыр, шыны талшықтары, айна, шыны ыдыстар мен тара өндіру жобалары. Айна өндіру жобасын Қызылорда қаласының индустриялық аймағында өңірлік компания - «Дана кварц» серіктестігі «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп іске асыруды көздеп отыр. Серіктістік биылғы жылы кварц құмын байыту жобасын іске қосады. Төртіншіден, мұнай компаниялары тереңдігі 5 мың метрден асатын, құны 97 млрд. теңге құрайтын 23 ұңғыманы бұрғылауды жоспарлап отыр. Бесіншіден, 2021 жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамтудың кешенді жоспары аясында 62,9 млрд.теңге қаржыландыру шараларын іске асыру жоспарлануда. Алтыншыдан, 2021 жылы құны шамамен 131,5 млрд.теңгені құрайтын республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары басталады. Облыс әкімдігімен алдағы уақытта инвестициялар мен жаңа инвесторларды тарту жұмыстары жалғастырылатын болады.