«Аймаққа отандық және шетелдік инвестицияны тарту арқылы жаңа өндіріс орындарын ашу»
«Аймаққа отандық және шетелдік инвестицияны тарту арқылы жаңа өндіріс орындарын ашу» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 3
- 28.10.2020, 10:00
- 28.10.2020, 17:00
Тогаева Жадыра 28.10.2020, Сұрақ нөмірі: 9802
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
Бізде төрт түліктің жүн мен терісі игерілмей, әрі беріден соң өртеліп жатады. Оны игерудің жолын табуға болмай ма?
Қызылорда облысы 28.October.2020, 13:01
Дұрыс сұрағыңыз өте орынды, Жадыра! Өңір экономикасының дамуында ауылшаруашылығы саласы – басым бағыттардың бірі болып табылады. Дегенмен, ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселесі баяу қарқында. Қазіргі таңда облыс аумағында 356 мың бас ірі қара және уақ мал басы бар. Бүгінгі күні облыста жеңіл өнеркәсіп саласында 5 орта кәсіпорын болғанымен, жүн өңдеумен айналысатын бір де бір кәсіпорын болмауда. Соның салдарынан жыл сайын 90%-дан астам жүн және тері жойылады. Бұл ретте, Моңғолияда бірқатар жүн түрлерін өңдеп, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаратын бірқатар кәсіпорындар табысты жұмыс жасайтындығы белгілі. Осы ретте, моңғолиялық тараппен аталған жобаны бірлесіп іске асыру, озық тәжірибе мен технологияны енгізу мәселесі пысықталуда. Ү.ж. 28 қазанында бейнебайланыс арқылы моңғолиялық «Гоби» компаниясымен кездесу ұйымдастырылып, екіжақ тараппен келіссөздер жүргізілді.