«Аймаққа отандық және шетелдік инвестицияны тарту арқылы жаңа өндіріс орындарын ашу»
«Аймаққа отандық және шетелдік инвестицияны тарту арқылы жаңа өндіріс орындарын ашу» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 3
- 28.10.2020, 10:00
- 28.10.2020, 17:00
Әнуар Аида 28.10.2020, Сұрақ нөмірі: 9803
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
Жақында берген сұхбатыңызда шыны зауытының маңынан ілеспе зауыттар салынатынын айтқан болатынсыз. Сол туралы толығырақ ақпарат берсеңіз.
Қызылорда облысы 28.October.2020, 13:27
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет! Бүгінгі күні Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысы 70% аяқталды. Екі мәселе ғана қалды, олар: балқыту ваннасы мен күйдіру пеші. Біздің тарапымыздан оның айналасындағы инфрақұрылымын аяқтауға, вагондар келетін жолды жөндеуге дайынбыз. Ал қалған 30% жұмысы мамандар келген жағдайда біртіндеп бітеді. Шыны зауытының айналысында шыны кластерін құру арқылы құны 27 млрд. теңгені құрайтын 8 ілеспе жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда шыны зауытының айналасында инвесторлармен 4 жобаны іске асыруды бастадық. Бұл - жоғары қысымды шыны пластикалық желілік және сорғы-компрессорлық құбырлар зауыты (1,8 млрд. теңге), шыны талшық (2 млрд.теңге), айна (4 млрд. теңге), шыны ыдыс және ыдыс өндірісі (10 млрд. теңге). Оның ішінде, құны 2 млрд.теңге және 160 жаңа жұмыс орны ашылатын шыны талшық шығару өндірісі қолға алынуда. Осы мақсатта, «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» компаниясы құрылды. Зауыт орналасатын жер учаскесі анықталып, жобалауды бастадық. Сондай-ақ, 2021 жылы алғашқы айна өндірісіне кірісетін боламыз. Жобаға «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-сы «Дана кварц» фирмасы бірлесіп, Бельгия, Чехия және Германия елдерінен инвесторларды тартуда. Алдын-ала есептеулер бойынша жоба құны 4 млрд. теңгені құрайды және 50 жұмыс орнын ашу көзделуде. «Дана кварц» серіктістігі биылғы жылы кварц құмын байыту жобасын іске қосады. Сонымен қатар, шыныдан жасалған ыдыс шығарумен қазақстандық және шетелдік «Чайна глаз» компаниясы бірлесіп, қазір жоба бойынша есептер жүргізуде. Бұл өндірісте жаңадан 50 жұмыс орнын ашылу жоспарлануда. Айта кету керек, елімізде шыны ыдысына бір ғана компанияның сұранысы 12 млрд.теңге құрайды. Қытайлық «Чайна Триумф» компаниясы смартфондар мен планшеттер үшін ультра жұқа әйнек шығару жобасын жүзеге асыратын болады. Жалпы, бұл ілеспе жобалар аясында 371 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.