Сарысу ауданындағы тұрғын үй саласындағы өзекті мәселелер
Тұрғын үй бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 29.10.2020, 15:00
- 29.10.2020, 18:00
Аубакиров Нурхат 29.10.2020, 15:37, Сұрақ нөмірі: 9810
Сәлеметсіз бе, Сарысу ауданындағы Саудакент, Жайылма ауылдарына қашан газ кіреді? уй ішіне газ тарту бағасы қанша болаы? Ауданда қанша көшеге жөндеу жұмыстары жасалды?
Жамбыл облысы 29.October.2020, 16:56
2020 жылы Сарысу ауданы 14 елді мекендеріне жеткізуші және ауылішілік газ құбырларын салу құрылысы басталды (Қызылдихан, Маятас, Жайылма, Өндіріс, Саудакент, Игілік, Жанаталап, Уюм, Сыздықбаев, Ақтоғай, Жаңатас, Үшбас, Бүркітбаев, Арыстанды) Жобаның құрылыс құны – 7,7 млрд. теңге. Газ құбырларының ұзындығы - 362 шақырым. 2020 жылы құрылыс жұмыстарын бастауға бөлінген152,0 млн.теңге толық игеріліп,4,8 шақырым газ құбырлары салынды. Мердігері – «Газстройэкспертиза» ЖШС. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары мердігердің өз қаражаты есебінен жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін 2021 жылға 454 млн.теңге жоспарланып отыр (лимит»), келесі жылдың нақтылауында қосымша қаражат бөлу жоспарлануда. Жалпы жобаны 3 жылда аяқтау жоспарлануда. Яғни 2022 жылы ауданның 14 елді-мекені, оның ішінде Саудакент және Жайылма ауылдары газбен қамтылатын болады. Жолдар бойынша: 2020 жылға Республикалық, обылстық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыларға сәйкес 48 нысан бойынша жолды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасымен Саудакент ауылының 22 ішкі көше жолдары, Ұйым ауылының Мұратбаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 8 жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Обылстық және бюджеттен бөлінген қаржыларға 5 елді-мекенге кіре беріс жолына орташа жөндеу және жергілікті бюджет есебінен 13 ішкі жолдар жөнделді.