Мемлекеттік қызметшілердін әдеп кодексін сақтау бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсетудін сапасы, мемлекеттік қызметті өткеру
Мемлекеттік қызметшілердін әдеп кодексін сақтау бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсетудін сапасы, мемлекеттік қызметті өткеру
- Сұрақтар: 12
- Жауаптар: 12
- 05.11.2020, 15:00
- 05.11.2020, 18:00
Еркебаева Айжамал 05.11.2020, 15:58, Сұрақ нөмірі: 9823
Сәлеметсізба, қазіргі кезде мемлекеттік қызметке кіру кезінде шектеулер барма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.November.2020, 16:09
Сәлеметсізба, Айжамал! Азаматтар мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне заңдармен белгіленген шектеулерді қабылдайды. Осы шектеулерді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша нысанда тіркейді. Аталған заң нормасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 18 бабында қарастырылған.