Қазақстан Республикасы аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегi Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы азаматтары мен облыстар, Астана қаласы мен Алматы қаласы Әкімдіктерінің арасында шұғыл режимде іс-қимыл орнату мақсатында 2008 жылдың 22 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығындағы кезеңде «Электрондық үкімет» веб-порталында Қазақстан Республикасы аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 160
- Жауаптар: 124
- 22.09.2008
- 10.11.2008
- Алматы қаласы әкімдігі
Жолдасбектегі Болат 22.10.2008, Сұрақ нөмірі:
Біз жолдасымыз екеуміз дәрігерміз. Біз Созақ ауданының орталығына жас маман ретінде 2003 жылы келгенбіз. 2005 жылы бізге жас маман ретінде коммуналдык тұрғын үймен қамтамасыз етті. Сол үй өзіміздің жеке меншігімізге өткізуімізге болады ма? Осының шарттарын білгім келеді.
Администратор 04.11.2008
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 12-бабына сәйкес тұрғын үйге немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығының пайда болу негiздерінің бірі болып жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйiнде өзi тұратын тұрғын үйдi немесе тұрғын үй-жайды жекешелендiру (сатып алу немесе тегiн алу) жолымен меншiгiне алу болып табылады. Заңның 13 бабына сәйкес осы Заңда көзделген реттерде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушы, кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен, тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген шарттармен және тәртiппен жекешелендiруге құқылы. Жалға алушының отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес белгiленедi. Жекешелендiрiлген тұрғын үй жалға алушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, соның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмеген болса, бiрлескен ортақ меншiгiне көшедi. Ортақ бiрлескен меншiктегi тұрғын үйдiң алып қойылуына барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Егер мәмiле тұрғын үйдiң меншiк иесi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiне қатысты болса, қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмi талап етiледi. Заңның 71-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жерi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарында жүзеге асырылады.