«О проделанной работе в области культуры и искусства Кызылординской области в честь 750-летия Золотой Орды, 175-летия Абая Кунанбаевича и 75-летия Победы в Великой Отечественной войне»

Интернет-конференция на тему « О проделанной работе в области культуры и искусства Кызылординской области в честь 750-летия Золотой Орды, 175-летия Абая Кунанбаевича и 75-летия Победы в Великой Отечественной войне» с участием акима Кызылординской области Г.Н.Абдыкаликовой

  • Вопросы: 3
  • Ответы: 3
  • 11.11.2020, 10:00
  • 11.11.2020, 17:00

Жақсанова Нұршат 11.11.2020, 11:00, Номер вопроса: 9836

  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы ! Біз үшін Абай мұрасы – мәңгілік ел болу жолындағы бағытымызға бағдаршам болар сөнбес сәуле деп білеміз. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінде Абайды ұлықтауда ұрпаққа үлгі боларлық қандай шаралар ұйымдастырылуда?

Кызылординская область 11.November.2020, 11:29

Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет. Кемеңгер Абай ұлағатының бүгінгі заманмен сабақтастығын ұғыну, ақынның мұрасын бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында мәдениет ұйымдарында 900-ге жуық мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ақынның мерейтойы Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклімен бастау алып, «NUR OTAN» партиясымен бірлесіп «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Абайдың әлемін кеңінен тану, оның ұлттық өнердегі рөлі мен орнын түсіну үшін Семей қаласындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейінің «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты жылжымалы көрмесі Қызылорда қаласында ұйымдастырылды. Абайтанушылардың қатысуымен республикалық онлайн конференция, Абай оқулары мен Абай әндерін орындаушылардың конкурс-концерттері ұйымдастырылып, жыршы-жырауларымыз ұлы ақынның жырларын сырлы мақам арқылы халыққа жеткізе білді. Сонымен қатар, тұңғыш рет Сыр елінде А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы сахналанып, тұсаукесері өтті. Қазіргі таңда елімізде қалыптасқан пандемиялық жағдайға байланысты ақын мерейтойына арналған шаралар онлайн форматта өткізіліп, Youtube желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналында жариялануда.