«Қызылорда облысының мәдениет және өнер саласы бойынша Алтын Орданың 750 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай атқарылған жұмыстар туралы»
«Қызылорда облысының мәдениет және өнер саласы бойынша Алтын Орданың 750 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.11.2020, 10:00
- 11.11.2020, 17:00
Олжабай Айдын 11.11.2020, Сұрақ нөмірі: 9838
Алтын Орданың 750 жылдығына орай өңірде Алтын Орда дәуірімен кезеңделетін ескерткіштерді зерттеуде қандай жұмыстар жүргізілуде?
Қызылорда облысы 11.November.2020, 13:07
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет. Өзіңіз айтып өткендей, «Ұлық Ұлыс» - Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары тарихи, мәдени және материалдық мұраны жандандыруға бағытталған, мұнда туристер үшін ірі халықаралық зиярат ету орталықтарына айналуға тиіс ортағасырлық ескерткіштерді қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінген. Алтын Орданың мұрагерлері ретінде Ұлы далада орда тігіп, ұланғайыр жерде еңселі ел болған Алтын Орда хандығының Сыр өңіріндегі экономикасы мен мәдениеті дамыған ескі қалалары мен ескерткіштерін зерттеп, оларға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Соңғы жылдары ежелгі Бәбіш-мола, ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Қыш қала, Сортөбе, Асанас қалашықтарында археологиялық зерттеулермен қатар олардың инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазба жұмыстары барысында республикалық маңызы бар Жанкент және Сығанақ ескерткіштерінің қорғау аймақтары анықталып, стелалар орнатылды. Археологтар қалашықтардың қорғаныс қабырғалары мен мұнараларын, тұрғын үй-жайларды және басқа да құрылыс құпияларын ашты. Қазба жұмыстары барысында тарихи орындардың маңызды нысандары сақталған, ерекше мәдени кешендер табылуда. Орта ғасырларға жататын алтын әшекейлер, моншақтар, қыш ыдыстар, монеталар, сүйектен жасалған бұйымдар және басқалары археологтардың зор табысы болды.