«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу»
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы С.С.Муксимов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 11.11.2020, 11:00
- 11.11.2020, 16:00
Айсұлтанұлы Жайық 11.11.2020, 13:33, Сұрақ нөмірі: 9840
Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта да қойылатын талаптарды сақтауы керек пе?
Атырау облысы 11.November.2020, 13:45
Қайырлы күн! ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын сақтауы, яғни қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, сонымен қатар, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге; қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға; өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс. Сауалыңызға рақмет!