«О проделанной работе в области культуры и искусства Кызылординской области в честь 750-летия Золотой Орды, 175-летия Абая Кунанбаевича и 75-летия Победы в Великой Отечественной войне»

Интернет-конференция на тему « О проделанной работе в области культуры и искусства Кызылординской области в честь 750-летия Золотой Орды, 175-летия Абая Кунанбаевича и 75-летия Победы в Великой Отечественной войне» с участием акима Кызылординской области Г.Н.Абдыкаликовой

  • Вопросы: 3
  • Ответы: 3
  • 11.11.2020, 10:00
  • 11.11.2020, 17:00

Кузенов Жанабай 11.11.2020, 13:37, Номер вопроса: 9841

  • 0

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Сыр елінде тұңғыш рет «Абай» операсының қойылымы өткенін білеміз. Алайда карантин кезінде оны онлайн форматта ғана тамашалай алдық. Әлемдік классикалық туындылардың қатарына жататын «Абай» операсын қызылордалықтар сахнадан қашан көре алады?

Кызылординская область 11.November.2020, 16:11

Сәлеметсіз бе, Жаңабай! Сұрағыңызға рақмет! Өздеріңіз білесіздер, ақын мерейтойы аясында тұңғыш рет Сыр елінде А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы сахналанып, тұсаукесері өтті. Қойылымда облыстық филармонияның, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртістері, камералық оркестр және Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің аралас хор ұжымынан құралған 100-ге жуық жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Осындай туындыларды насихаттау арқылы біз жастарды өнерге баулып, бүгінгі ұрпақты әлемдік деңгейдегі классикалық шығармалармен сусындатып, ұлттық өнерімізді бойына сіңіре аламыз деп ойлаймын. Алайда, өзіңіз атап өткендей карантин талаптарына сай опера көрермендерге онлайн форматта ұсынылды. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 31 қазандағы № 25 қаулысына сәйкес кітапханалар мен музейлер қызметіне 30 адамнан аспайтын, театрларға толтырылуы 50 адамнан артық емес, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жүргізуге рұқсат берілді. Сондықтан да «Абай» операсын Сыр жұртшылығы алдағы уақытта елдегі пандемиялық жағдай тұрақталып, карантиндік шектеулер толық алынған жағдайда тамашалай алады.